«Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы

Е Р Е Ж Е

I Жалпы ереже

    1. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (одан әрі - Ауыл шаруашылығы басқармасы) облыстық ауыл шаруашылығының мемлекеттік басқару органы болып табылады, өзіне берілген функцияларының шегінде тікелей Алматы облысы әкіміне бағынады.
    2. Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің, Алматы облысы әкімдігінің актілеріне және басқада Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
    3. Құрылтайшы және мемлекеттік басқару органы  Алматы облысының    әкімдігі болып табылады.
    4.  Ауыл шаруашылығы басқармасының қаржыландырылуы мен    материалдық–техникалық қамтамасыз етілуі, жергілікті бюджеттен осы         мақсаттарға бөлінген қаржы есебінен жүзеге асырылады.
    5. Ауыл шаруашылығы басқармасының құрылымын, аппаратының штат          саны және оны ұстау шығынын облыс әкімдігі анықтайды және бекітеді.
    6. Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы заңды тұлға болып     табылады, Қазақстан Республикасы банкілерінде бюджеттік және    ағымдағы есеп шоты, қазақ, орыс тілдерінде өз атауы жазылған және        Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі         болады.

         Толық аталуы қазақ тілінде: «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Орыс тілінде: государственное учреждение «Управление сельского хозяйства Алматинской области».
7. Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, индексі: 040000 Алматы облысы,    
Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі 26 үй.

II   Мақсаты,  қызметі мен құқығы 

1. Дамушы экономика жағдайында тұрғындарды азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етуге және аграрлық сектордың экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуға бағытталған ауыл шаруашылығы  басқару саласында бірегей мемлекеттік саясатты жүргізу ауыл шаруашылығы басқармасының негізгі мақсаты болып табылады.

2. Ауыл шаруашылығы басқармасы төмендігідей қызмет атқарады:
-   Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау бағдарламаларын жүзеге асыру;

    1. ауыл шаруашылығы салаларын дамытудың басымды мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға қатысу;
    2. агроөнеркәсіп кешеніндегі реформаларды тереңдетуді, жетілдіруге, шаруашылық жүргізудің әр түрлі үлгілерін дамытуға қатысу;
    3. нарықтық жағдайда ауыл шаруашылығы өнідірісі субъектілерінің жұмыс істеуіне қажетті экономикалық баға механизімін жетілдіру жөнінде жоғарғы органдардың жасаған бағдарламаларын жүзеге асыру;
    4. облыстың ішкі тұтымын қанағаттандырып және облыстан тысқары жерлерге шығару үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен өндіру қарқынын күшейту жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыру;
    5. аграрлық секторды басқаруда жаңа жүйелерді енгізу;
    6. маркетингтік зерттеулер жүргізу (ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен сату жөнінде);
    7. ауыл шаруашылығындағы баға саясатын сақтауды бақылауға ықпал ету;
    8. ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін оңтайлы жағдай жасауға және қаржы, несие, салық және кеден саясатын жақсартуға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мүддесін қорғауға бағытталған белгілі тәртіпте ұсыныс енгізу;
    9. қаржы-экономикалық жағдайды сауықтыру немесе қауқарсыз шаруашылық субъектілерін тарату (банкрот) жөніндегі шараларды жүзеге асыруға бағытталған бағдармаларды орындауға қатысу;
    10. жұмыс істеу жағдайында жедел статистикалық және бухгалтерлік есеп берушілікті есепке алуды ұйымдастыру және жетілдіру;
    11. фермерлік және шаруа қожалықтарына көрсетілетін сервистік қызметті жақсарту үшін МТС (машина-технологиялық станция) құруға бағыттылған  бағдармаларға  қатысу;
    12. облыстық ауыл шаруашылық өндірісіне жаңа, перспективалық және өндірістік қабілеті жоғары техниканы енгізуге жәрдемдесу;
    13. техниканы пайдалануда және жөндеуде, сонымен қатар тозығы жеткен қосалқы бөлшектермен байламдарды қалпына келтіруде әдістемелік және тәжиербелік көмек көрсету;
    14. алыс және таяу шет мемлекеттерімен бірігіп техника өндіруін, сервис-орталықтарын құру және жаңа техникаларды тікелей немесе лизинге алуға ықпал ету;
    15. облыстың агроөнеркәсіп кешенінің қажетті трактор, комбайн, автокөліктерге жабдықтарына, ауыл шаруашылығы машиналарына, жанар-жағармай және басқа материалдық қорларға қажеттілігін алдын-ала болжау;
    16. ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін тосын апаттардан, төтенше және эпизоотиялық жағдайлардан, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің ауруларынан, зиянкестерден, сақтандыру бойынша заңдарын іске асыруға қатысу;
    17. агроөнеркәсіп секторында инвестицияларды пайдаланудың басымдық бағыттарын  анықтау;
    18. мал шаруашылығы салаларына бірыңғай технологиялық саясат жүргізу, озат тәжиербемен  ғылым жетістіктерін енгізу
    19. Қазақстан Республикасы «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңын жүзеге асыру, мал шаруашылығында селекциялық асылдандыру жұмысын ұйымдастыру;
    20. мал саны және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді көбейту жөніндегі перспективалық ұзақ мерзімді концепциялар мен шараларды жасауға және енгізуге қатысады;
    21. барлық меншік түріндегі шаруашылықтарда мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің озат технологиясын енгізу жөніндегі шараларға қатысу;
    22. мал шаруашылығы саласындағы басым бағыттарды анықтау;
    23. егін шаруашылығы саласындағы басымды бағыттарды анықтау, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің озат технологияларын енгізуге ықпал ету;
    24. ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге алдыңғы қатарлы технологиялармен шетелдік озық тәжиербені енгізуге ықпал ету;
    25. ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын өндіру және тұқым жаңарту жөніндегі тұқым өндіруші шаруашылықтардың жұмысына бақылауға қатысу;
    26. ауыл шаруашылығы жұмыстарын өткізуде әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;
    27. мамандардың қажеттілігін болжау, кадрлардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау  жөніндегі шараларды жасау;
    28. cелекция және тұқым шаруашылығын, дәнді-дақылдарды өсіру технологиясын дамыту, топырақ құнарлылығын сақтау және қалпына келтіру жөніндегі бағдарламаларды іске асыру;
    29. астық сақтау жөніндегі қызметті лицензиялау;
    30. астық нарығының мониторингін уәкілетті орган бекіткен ережелерге сәйкес жүзеге асыру;
    31. астықтың (тұқымының) сапасы бойынша стандарттарды, техникалық шарттарды, басқа да нормативтік құжаттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
    32. табиғи – климаттық жағдайларды және нарық коньюнктурасын ескере отырып, астық өндірісінің құрылымын оптимизациялау,  астық өндіру, сақтау және өткізу технологиясын жетілдіру;
    33. астық өндіру мен сақтаудың жаңа озық технологияларын енгізу;
    34. бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге минералдық тыңайтқыштар, тұқым улағыштар мен гербицидтер құнын арзандатуды жүзеге асыру;
    35. аймақтарда астық өндірушілерге сертификаттық қызметтер көрсету бойынша бәсекелестік орта құру жөнінде шаралар  қолдану;
    36. бекітілген кестелерге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын лицензиялаудан кейінгі тексеру, астық қабылдау кәсіпорындарының жұмыстарын бақылау астық қабылдау кәсіпорындарын тексеру актілерін рәсімдеу;
    37. ҚР-сы «Астық туралы» Заңының  26-бабында белгіленген негіздемелер бойынша астық сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығы лицензиясының қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операциялар бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру;
    38. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұқым шаруашылығы жөнінде жұмыстар жүргізуіне жәрдем көрсету;
    39. тұқым шаруашылығын дамытудың тиісті бағдарламаларын әзірлеу және   бекітуге ұсыну, сондай-ақ олардың орындалуын қамтамасыз ету;
    40. элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына элиталық тұқымдар өндірісі және өткізу көлемі жөнінде ұсыныстар енгізу;
    41. тұқым шаруашылығы субьектілеріне тиісті куәлік бере отырып, аттестациядан өткізу;
    42. тұқым өсіретін шаруашылықтар арасында бірінші, екінші, үшінші репродукциялы көбейтілген тұқымдарды өндіру және өткізу квотасын бөлу;
    43. облыс бойынша тұқымдар балансын жасау;
    44. ауыл шаруашылығы саласындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласы бойынша қажетті ақпаратты табыс етуді қамтамасыз ету;
    45. өз құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне тұқымдардың сақтық және ауыспалы қорларын қалыптастыруына жәрдемдесу;
    46. тұқым шаруашылығы саласында субсидиялау бағдарламаларын іске асыру;
    47. селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген, ҚР-да пайдалануға рұқсат етілген, жоғары сапалы тұқым сорттарымен  шаруашылық субьектілерін қамтамасыз етуге ықпал ету;
    48. алдыңғы элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылық дақылдары тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізу;
    49. тұқым шаруашылығы бойынша мемлекеттік стандарттарды, нұсқаулықтарды және басқа да нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде техникалық реттеуде ұсыныстар енгізу;
    50. өсімдіктерді қорғау саласында халық арасында түсіндіру жұмысын ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторинг жүргізу жөнінде әдістемелік көмек көрсету;
    51. өсімдіктерді қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер және фитосанитариялық іс-шаралар туралы мүдделі адамдарға ақпарат беруді ұйымдастыру;
    52. арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жағдайда күтіп-ұстау және қолдану;
    53. пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау;
    54. карантинді обьектілердің таралуының есебін жүргізу және  мүдделі орындарға ақпарат беру;
    55. темір жол станцияларындағы, әуежайлардағы, автовокзалдардағы (автостанциялардағы), базарлардағы, почта байланысы ұйымдарындағы және өзге де обьектілердегі карантинді аймақтарда осы обьектілердің иелері жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының карантиндік іс-шаралар өткізуін ұйымдастыру;
    56. асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың және сақтаудың облыстық (өңірлік) бағдарламаларын жасау;
    57. ауыл шаруашылық малын идентификациялау, компьютерлік мәлемет базасын жасау;
    58. аттестат берумен қатар асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерін аттестациялау;
    59. Қазақстан Республикасының асыл тұкымды мал шаруашылығы туралы заңдарының нормаларын бұзған жағдайда аттестаттың қолданылуын тоқтата тұру, қайталап бұзылған жағдайда аттестаттан айыру туралы талап қойып, сотқа жүгіну;
    60. асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тізілімін жүргізу және басып шығару;
    61. бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын асыл тұқымды өнімнің (материалдың) әрбір түріне субсидия беру;
    62. бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректерді есепке алуды жүргізу;
    63. асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектінің әрбір түрі бойынша және әрбір субъектіге орай субсидиялануға тиісті сатылатын асыл тұқымды өнімнің (материалдың) жыл сайынғы квотасын аталған мақсаттар үшін бюджетте қөзделген қаражат шегінде белгілеу;
    64. өз өндірісінің сатылатын құс және мал шаруашылығы өнімдерінің  субсидиялауға тиісті мөлшерінің жыл сайынғы квотасын белгілеу;
    65. жоғары бағалы асыл тұқымды малды тиімді пайдалануды ынталандыру мақсатында бағалау туралы деректерді жинақтап, қорыту және оның нәтижелері туралы мүдделі орындарды хабардар ету;
    66. асыл тұқымды малдың, оның ішінде шектеулі тектік қоры бар тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асыру;
    67. денсаулық сақтау органдарымен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру, өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
    68. облыс аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары туындаған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік  ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
    69. осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда
    70. жануарлардың туындаған жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
    71. ветеринариялық қызметті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялау;
    72. ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтің құнын субсидиялау іс-шараларын іске асыру;
    73. барлық су пайдаланушылар үшін олардың мәлімдеген су алу және (немесе) су ағызу қажеттіліктерінің негізінде айлар бойынша лимиттерді бөлу;
    74. жанар-жағар майлар құнын субсидиялаудың іс шараларын іске асыру.
    75. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының мемлекеттік басқару органы болып табылады, осы кәсіпорындардың жұмысын реттеп бақылайды
    76. агро-өнеркәсіп кешенінде экономикалық реформаларды тереңдету жұмыстарын үйлестіреді;
    77. облыстың әрбір аймақтарында азық-түлікпен қамтамасыз етуде азық-түлік өндірісін көбейту жөніндегі бағдарламаны жасап ұсыныстар енгізу және әрбір өндірістк потенциалды тиімді пайдалану мүмкіндіктеріне жағдай жасау; 
    78. ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру мен өндірудің технологиясын олардың көлемі мен сапасын сақтауды қамтамасыз етеді;
    79. облыстың ауыл шаруашылығы өндірісінде механизациялау, көлік байланыстарын дамыту жөнінде техникалық саясат жүргізу;
    80. қайта өңдеу өнеркәсібін дамытудың перспективалық жоспарын жасауға қатысу;
    81. ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға қатысады;
    82. тиісті кәсіпорындар мен мекемелермен бірлесе отырып астық қорларының мемлекеттік балансын жасауға қатысу;
    83. облыстың ауыл шаруашылығында мемлекеттік және мемлекеттік емес кешенінің ара қарым - қатынас әрекетінің механизмін жасау;
    84. ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекеттік жағынан қолдау мен көмек көрсету жөніндегі ұсыныстар дайындауды қамтамасыз ету;
    85. қоршаған ортаны қорғау жайлы бағдарламаны жасау және оның енгізілуіне қатысу;

-    жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу; 
-    ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; 
- облыс аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелiнуi мен таралуынан қорғау; 
- жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асырған кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын-алу және оны жою;
-  уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша облыс аумағында ветеринариялық- санитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi ветеринариялық iс- шаралар жоспарларын бекiтедi;
- ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда,   жануарлардың аса қауiптi ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткiзудi) ұйымдастырады;
-  профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын облыс бойынша жануарлардың энзоотиялық ауруларының тiзбесiн әзiрлейдi және уәкiлеттi органға бередi;
- жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен   диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы және диагностикасы жөнiндегi қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды, оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткiзудi) ұйымдастыруды жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен ветеринариялық есепке алуды және есептiлiктi жүргiзудi, жинақтауды, талдауды жүзеге асырады және оларды уәкiлеттi органға табыс етедi; 
-  ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi iс-шараларды өткiзудi және ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру бойынша дерекқорды жүргiзудi ұйымдастырады; 
-  халықтың арасында ветеринария мәселелерi бойынша ағарту жұмыстарын   ұйымдастырады және жүргiзедi; 
-  жануарларды өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiн, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттiк комиссияны ұйымдастырады; 
-  облыс аумағында жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайды зерделейдi;
-  Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша аса қауiптi аурулардың, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етедi; 
-  ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар белгiленген ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтердi бұзған жағдайда, олардың лицензияларын заңнамада белгiленген тәртiппен тоқтату туралы шешiмдер шығаруға немесе қайтарып алуға бастамашы болуға; 
- белгiленген тәртiппен эпизоотияға қарсы төтенше комиссиялар құру  туралы ұсынысты шығаруға; 
- уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешiм шығаруға құқылы.

    1. Мекеменің құқығы
    2. заңда белгіленген тәртіппен банктерде шоттар ашуға
    3. мекеменің толық атауы бар мөрі, мөртабаны және бланкілері болуына
    4. оралымды басқаруында мүлкі, сондай-ақ дербес балансы немесе сметасы болуына
    5. сотта талап қоюшы және жауапкер болуға
    6. заңдарға қайшы келмейтін  өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

III Құрылтайшының құзыреті және басқарманың қызметін ұйымдастыру 

  1. Құрылтайшы басқарманың ережесіне толықтырулар және өзгертулер енгізеді.
  2. Филиалдар және өкілдіктер құрылтайшының шешімімен құрылады.
  3. Кәсіпорынның негізгі мақсаттарын және фукцияларын құрылтайшы анықтайды.
  4. Берілген мүліктің сақталуын және арнайы белгіленген мақсатта қолданылуына бақылау жүргізеді
  5. Ауыл шаруашылығы басқармасы  ведомствалық ұйымдардың жұмысын үйлестіреді.
  6. Ауыл шаруашылығы басқармасын облыс Әкімі қызметке тағайындап және босататын бастық басқарады.

  Ауыл шаруашылығы басқармасының бұйрығымен тағайындалатын бастықтың орынбасарлары болады.
Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы:

    1. осы басқармаға қарасты мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың директорларын тағайындайды  және босатады, сонымен қатар аудандар және қалалардың ауыл шаруашылық бөлімдерінің бастықтарын тағайындауда, тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктердің әкімдерімен келісіледі.
    2. ауыл шаруашылығы басқармасының жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, сонымен қатар өзіне жүктелген тапсырмаларды орындауға және жүзеге асыруға жеке жауапкершілік алады.
    3. өзінің орынбасарлары мен ауыл шаруашылығы басқармасының басқа қызметкерлерінің атқаратын міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;
    4. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес барлық мекемелер мен ұйымдарда ауыл шаруашылығы басқармасы өкілеттігін сенім хатсыз  ұсынады;
    5. өз құзыры шегінде ауыл шаруашылығы басқармасы жүйесіне кіретін барлық кәсіпорындардың, ұйымдардың міндетті түрде орындалуына арналған бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді.
    6. қажет болған жағдайда мүдделі басқа органдармен, ведомстылық ұйымдармен бірлесіп бұйрық шығарады және нұсқау береді.
      1. Ауыл шаруашылығы басқармасында алқа мәжілісі құрылады, оның құрамында бастық (алқа мәжілісінің төрағасы), бастықтың орынбасарлары мен салалық мекемелердің басшылары енеді. Алқа   мәжілісінің құрамы мен оның ережесі ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының бұйрығымен бекітіледі. Ауыл шаруашылығы   басқармасының алқа мәжілісі кем дегенде тоқсанына бір рет өткізіледі.
      2. Алқа өзінің мәжілісінде ауыл шаруашылығы басқармасының құзырына енетін мәселелерді қарайды. Ауыл шаруашылығы басқармасының алқа мәжілісінің шешімі қаулы арқылы бекітіледі.

IV Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

     Ережеге өзгерістер мен толықтырулар құрылтайшы-Алматы  облысының әкімдігінің қаулысымен енгізіледі.    

V   Қаржыландыру, есептілік және бақылау

1.  Басқарманың мүлкі шұғыл басқару құқығымен өзіне қарайды және ол          облыс әкімдігінің меншігі болып табылады.
2.  Басқарманың мүлкі бюджет қаражатынан алынған мүліктен, негізгі және айналымдағы қаржыдан, сонымен қатар басқарма балансында   бағасы көрсетілген мүліктерден тұрады.
3.  Басқарманы қаражаттандыруға мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінеді, егер заңда басқа қаржы көзі белгіленбесе.
4.  Басқарма бухгалтерлік есеп жүргізеді және заң талабына сәйкес есеп беріп отырады.

VI   Мемлекеттік мекеменің  мүлкі

         Мемлекеттік мекеме өзіне қарасты, сонымен қатар бөлінген смета бойынша сатып алынған мүліктерді өз бетінше  беруге және басқадай иеленуге құқы жоқ.

VII   Мемлекеттік мекеменің жауапкершілігі

 - Ауыл шаруашылығы басқармасы өзінің міндеттемелері бойынша құзырындағы ақшамен жауап береді.

    1. келісім шарттық міндеттеме бойынша жауапкершілік заңға сәйкес мемлекеттік мекемені ұстауға бекітілген смета шегінде енеді.
    2. Мемлекеттік мекеменің жасаған азаматтық құқықтық келісім шарттары  белгіленген заңға сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтеді.

VIII  Тарату және қайта құру

      Басқарманы тарату мен қайта құру меншік иесінің шешімімен және Қазақстан Республикасы заңдарымен көзделген басқада негіздермен жүзеге асырылады.